+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Қызылорда облысында қырым-конго безгегінен 1 адам қайтыс болды

2018 жылғы 3 тамыз 10:47
Бөлісіңіз:
Қызылорда облысында қырым-конго безгегінен 1 адам қайтыс болды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында қырым-конго безгегінен 38 жастағы азаматша қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі таңда Қызылорда облысында кене шағу жағдайы жиі кездеседі. Оған себеп ауа-райының құбылмалы болуы. Сыр өңірінде табиғат құбылысы бірде жылы, бірде салқын қабақ танытып тұр. Бұл жағдайда кенелердің көбеюі көрініс береді. «Жалпы, Қызылорда облысы бойынша кененің көп кездесуі жөнінен облыстың оңтүстігінде орын тепкен Жаңақорған мен Шиелі аудандары алаңдатады. Қайғылы жағдай да сол аймақта тіркеліп отыр. Соңғы жылдарда кененің кездесуі облыстың барлық аймағында да байқалады. Аталмыш науқас 27 шілдеде ауруханаға түскен. Дәрігерлер қолдан келген барлық медициналық көмегін көрсетті. Алайда науқастың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік болған жоқ», - деді облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Айна Мұхамбетова. Облыс көлемінде қырым-конго безгегі бойынша қолайсыз елді мекендер саны жылдан-жылға артып отыр. Ол 2014 жылы 116 болса, 2018 жылы 127 елді мекенге көбейіп кеткен.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT