+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Қызылорда облысында күзгі егін жинау науқаны қалай жүріп жатыр

2021 жылғы 7 қазан 21:47
Бөлісіңіз:
Қызылорда облысында күзгі егін жинау науқаны қалай жүріп жатыр

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында күзгі егін жинау жоспарлы орындалуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл өңірде 188,1 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Күрiш көлемі 83,6 мың гектарды құрады. Сондай-ақ, су тапшылығына байланысты күріш алқабы өткен жылмен салыстырғанда 5,9 мың гектарға дейін азайтылды. Оның орнына суды аз қажет ететін картоп, көкөніс, бақша дақылдары егілді. Олардың көлемі өткен жылмен салыстырғанда 9,8 мың гектарға дейін артқан.
«Күзгі егін жинау науқаны жоспарлы жүргізілуде. Қазіргі таңда, облыста күріштен басқа дәндік дақылдарды (күздік бидай, жаздық бидай, арпа, сұлы, дән жүгері) және майлы дақылдардан мақсары мен сояны, картоп, көкөніс, бақша, дақылдарын жинау жұмыстары толығымен аяқталды. Бұл саланы қолдауға осы жылы барлығы 4,1 млрд теңге мемлекеттен қаржы бөлінді. 40,3 мың гектар жерге егілген жоңышқадан 228,4 мың тонна ескі жоңышқа, 17,8 мың тонна жаңа жоңышқа өнім жиналынды. Сүрлемдік жүгеріден 7,1 мың тонна өнім алынса, мал азықтық асқабақ толық жиналып 1,5 мың тонна өнім алынды. Сүрлем дайындау жұмыстары әлі де жалғасуда», - деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев.
Аймақта күрішке орақ салу жұмыстары 26 тамыздан басталды. Бүгінгі күні күріштің 78103 гектарына (93,5%) орақ салынып, оның 70344 гектары (90,1%) бастырылды. Әр гектарынан орташа 55,8 центнерден өнім алынуда. Күзгі егін жинау науқанын 10 қазаннан кешіктірмей аяқтау жоспарлануда.
Еске салсақ, Арал ауданында қысқа жем-шөп дайындау қарқынды жүруде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT