Қызылорда облысында құлаған тікұшақ: Қаза тапқандар бар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында тікұшақтың апатқа ұшырауына қатысты көз жұмғандар бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2019 жылдың 27 наурызда ҚР Қарулы күштерініің ӘКҚ әскери-әуе күштерінің тікұшағы апатқа ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға орнында көз жұмғандар бар. Көз жұмғандар мен зардап шеккендердің саны мен жағдайы анықталу үстінде», - делінген министрліктің хабарламасында.

Министрліктің хабарлауынша, аталмыш тікұшақ 4 бірдей әскери тікұшақ құрамынан тұратын бөліммен бірге Ақтау қаласынан Шымкентке ұшып бара жатқан. Ұшу сапары арнайы бөлімшелердің «Алтын жебе» кешенді оқу және жаттығу аясында қараңғы уақытта әрі күрделі метеорологиялық жағдайда жүргізілген.

«Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығымен апат орнына арнайы құрылған ҚР Қорғаныс министрлігінің комиссия жіберілді. Қазіргі уақытта төрт тікұшақтың екеуі Қызылорда қаласына қонды. Ал қалған бір тікұшақ оқиға орнына қайта оралды. Қорғаныс министрлігі Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, болған әуе апатының себебін анықтау мақсатында тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр», - делінген министрліктің хабарламасында.

Еске сала кетсек, Қызылорда облысының Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырағанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар