Қызылорда облысында көзі тірі 11 қарт майдангер тұрады

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан көзі тірі 11 қарт майдангерге облыстық бюджеттен біржолғы материалдық көмек 1 млн теңгеден беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде қазір көзі тірі ҰОС-қа қатысушы мен мүгедегі 11 ардагер бар. Олардың әрқайсысына облыстық бюджеттен біржолғы материалдық көмек 1 млн теңгеден беріледі. Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен біржолғы әлеуметтік көмек 116, 6 мың теңге қарастырылған.

Одан бөлек, сол кезеңде тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін орден және медальмен марапатталған азаматтарға облыстық бюджеттен 100 мың теңгеден, аудандық/қалалық бюджеттен 87,5 мың теңгеден біржолғы әлеуметтік көмек берілуде.

«Сондай-ақ, екiншi рет некеге тұрмаған, қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң, қатысушылардың әйелдерiне 100 мың теңгеден, сол кезеңде тылда кемінде 6 ай жұмыс істеген азаматтарға әрқайсысына 100 мың теңгеден біржолғы әлеуметтік көмек төленуде. Оларға барынша жағдай жасау мақсатында тұрмыс жағдайына зерттеу жүргізілді. Тұрғын-үй жайына жөндеу қажет болған жағдайда демеушілер есебінен көмек көрсету туралы қала және аудан әкімдеріне ұсыныс жолданды», - деп мәлім етті Қызылорда облысы әкімдігі баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар