Қызылорда облысында көші-қон заңнамасын бұзған мыңға жуық шетелдік анықталды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында көші-қон заңнамасын бұзған мыңға жуық шетелдік анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылорда облысының Полиция департаменті тұрақты түрде шетел азаматтарының нақты келу мақсаттарының шынайлығын анықтауға бағытталған рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

«Мәселен, жыл басынан бері республика көлемінде «Мигрант» іс-шарасы өткізіліп, нәтижесінде көші-қон заңнамасын бұзған барлығы 765 дерек анықталып, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар, қазіргі уақытта «Заңсыз келуші-2022» арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Мұның барысында көші-қон заңнамасын бұзудың барлығы 585 дерегі анықталды. Атап айтқанда, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзған 949 шетелдік анықталып, шара қолданылды», - деп жазды ведомстводан.

Оның ішінде ТМД елдерінен келген 41 азамат республика аумағынан аластатылды. Сонымен бірге, шетелдіктердің болу ережелерінің сақталуын қамтамасыз етпеген Қазақстан Республикасының 401 азаматына, яғни жеке және заңды тұлғаларға әкімшілік тағылды.

Жалпы, жыл басынан бері облыс аумағына түрлі мақсаттармен ТМД елдерінен келген шетелдіктер - 6 948 азамат жеке кіріс салығы бойынша айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінде алдын ала төлемді төлеп, заң талаптарына сай рұқсат рәсімдеп, заңды жұмыс атқаруда.


Соңғы жаңалықтар