Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған жүкті әйел аман-есен босанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында COVID-19 вирусын жұқтырған жүкті әйел аман-есен босанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Лззат Ақтаева өзінің Facebook парақшасында жазды.

Вице-минстрдің айтуынша, жүкті әйел 2020 жылдың 8 сәурі күні келіп түскен. Оның босанатын уақыты жеткен және оған жедел-респираторлы вирусты инфекция диагнозы қойылған. Оның денсаулығын бақылау барысында дене қызуы 38,1 градус қа дейін көтерілген.

COVID-19 вирусына тексеру жүргізілген соң, оның науқас екені анықталды. Әйел баласын аман-есен босанды.

Нәрестенің салмағы 2970,0 гр, бойы 51 см. баланың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық. Нәрестеден де COVID-19 вирусына анализ алынды. Әйелді COVID-19 вирусынан толық емдеп шығару үшін ол инфекциялық стационарға жатқызылды. Кезекші бригада мүшелері медициналық көмек көрсету кезінде күшейтілген қорғаныш құралдарын пайдаланды. Кезекшіліктен соң олар бірден үйдегі карантинге жатқызылды.

«Олар, өз ісін адал атқарып жүрген біздің заманымыздың батырлары, Қызылорда облыстық перинаталдық орталығының кезекшілер бригадасы:

Ақбота Қоңқабаева, акушер – гинеколог

Әйгерім Еңсепбаева - акушер

Меруерт Аққайырова – неанатолог

Айгүл Тұрғанбаева – балалар дәрігері»,-деп жазды вице-министр.



Соңғы жаңалықтар