Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған 89 адамның жағдайы өте ауыр

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында коронавирусқа шалдыққан 89 адам жансақтау бөлімінде ем алуда. Олардың жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде күн өткен сайын эпидемиологиялық ахуал күрделеніп барады. Облыс бойынша инфекциялық стационарда 1230 науқас ем қабылдауда. Оның 89-ы жансақтау бөлімінде жатыр.

Індет басталғалы бері өңірде коронавирус инфекциясын 10 951 адам жұқтырған. Қазіргі таңда үй жағдайында ем алып жатқан 1587 науқас бар.

«Тұрғындар арасында сақтыққа салғырт қарағандар аз емес. Салдарынан көптеген азаматтар бүгінде аурумен алысып жатыр. Науқастар саны көбейген тұста инфекциялық төсек-орындар санын көбейтіп, дер кезінде тиісті ем шараларын жүргізіп келеміз. Амбулаторлы түрдегі емдеу жұмыстары да жүруде. Алайда, коронавирус инфекциясы жайында емханасына немесе дәрігерге хабарламай, үйден өздігінен ем қабылдап жатқандар бар. Сол себепті барша тұрғындардан ауру белгісі байқалған сәттен, дәрігерге қаралып, дер кезінде ем бастауы қажет», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шайымбетов.

Еске салсақ, Қызылордада жақын күндері модульді аурухана пайдалануға беріледі.


Соңғы жаңалықтар