Қызылорда облысында коронавирус анықталған соңғы 5 адам — Шиелі ауданының тұрғындары

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қызылорда облысында «COVID-19» инфекциясын жұқтырған 5 жағдай Шиелі ауданында тіркелді, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

«Олар бұған дейін вирус жұқтырған адаммен тығыз қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес зертханалық сынамалар алынды. Диагноз нақтыланып, ауданаралық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Қазіргі таңда науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда» делінген хабарламада.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

06.04.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 50 адам анықталды, Қызылорда қаласында – 6 жағдай, Жаңақорған ауданында – 16, Қармақшыда – 4, Шиеліде – 24 жағдай.

Соңғы жаңалықтар