Қызылорда облысында қорада жиналып тұрған 3000 бау шөп өртеніп кетті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Арал ауданында қорада жиналып тұрған 3000 бау шөп өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 24 тамызда жергілікті уақытпен 02.24-те Арал ауданына қарасты Ақбай елді мекенінде болды. Сол уақытта түскен хабар бойынша жақын аумақтағы Қазалы ауданынан 5 қызметкер 1 техникамен жолға шықты. Ара қашықтық - 30 шақырым.

«Оқиға орнына жеткенде үйдің ауласында жалпы көлемі 15×15 метр болатын қаңылтырмен қоршалаған мал қорасы толығымен жанып жатқаны анықталды. Қора ішінде 1 000 бау жоңышқа және 2 000 бау пішен шөбі өртенген. Салдарынан 1 бұзау мен 2 қозы өртеніп кетті. Көмекке ерікті өртке қарсы құрылымынан 10 адам келді. Тілсіз жау ауыздықталып, өрттің шығу себебі мен шығыны анықталып жатыр», - деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.


Соңғы жаңалықтар