Қызылорда облысында қонуға бет алған ұшақ отқа оранды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Арал ауданында АН-2 ұшағы қону кезінде отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жөнінде хабарлама облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сағат 12.10-де түскен. Арал қаласына 10 шақырым қалғанда қонуға бет алған ұшақтан өрт шықты. Аталған ұшақ TJA5217 санитарлық бағыты бойынша жұмыс істеген.

«Тікұшақта 2 экипаж мүшесі мен 1 дәрігер болған. Экипаж «Санавиация» мекемесінің тапсырмасы бойынша шыққан. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Адамдары аман», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен.

Ведомство мәліметінше, оқиға орнына өрт сөндірушілер аттанып кетті.


Соңғы жаңалықтар