+7 (701) 759 90 19
USD 397.56 EUR 445.94
RUB 5.82 CNY 55.96
Jańalyqtar

Қызылорда облысында коммуналдық қызметтің тарифтері төмендетілді

2020 жылғы 2 сәуір 22:56
Бөлісіңіз:
Қызылорда облысында коммуналдық қызметтің тарифтері төмендетілді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында төтенше жағдай кезінде коммуналдық қызметтердің төмендетілген тарифтері қолданысқа енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Табиғи монополияларды реттеу комитетіне сілтеме жасап.

ҚР Президентінің коронавирус жағдайы және дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі кеңесте берген тапсырмасын орындау үшін, Қызылорда облысында коммуналдық қызмет көрсететін табиғи монополиялар субъектілері төтенше жағдай кезеңінде тұрғындардың қаржылық жүктемесін төмендету мақсатында, сондай-ақ қоғамда тұрақтылықты қамтамасыз ету маңыздылығын ескере отырып, 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап, өз бастамалармен төмендегі қызметтер бойынша тарифтерді төмендету туралы шешім қабылдады:

«Қызылорда су жүйесі» МКК - сумен жабдықтау қызметіне тарифі – 1 текше метрге ҚҚС-мен 45,61 теңгеден 40,80 теңгеге дейін немесе 10,5% -ға төмендетілді; су бұру қызметіне тарифі – 1 текше метрге ҚҚС-мен 48,82 теңгеден 43,0 теңгеге дейін немесе 11,9% -ға төмендетілді;

«Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК: - жылумен жабдықтау қызметіне тұрғындарға тариф есептеу құралдары бар жеке тұлғаларға 1 Гкалға ҚҚС-мен 1989,21 теңгеден 1790,29 теңгеге дейін төмендеді; есептеу құралдары жоқтарға 1 шаршы метрге жылуға төлем ақы ҚҚС-мен 96,76 теңгеден 87,08 теңгеге дейін немесе 10% -ға төмендетілді;

«Теміржолсу-Қызылорда» ЖШСсумен жабдықтау қызметіне тұрғындар үшін орташа босату тарифі – 1 текше метрге ҚҚС-мен 53,37 теңгеден 48,52 теңгеге дейін немесе 9,1% -ға төмендетілді.

Сонымен қатар, 3 энергиямен жабдықтаушы ұйымның электр қуатын берудің орташа бағасы тұрғындар үшін 1 кВт/сағатқа ҚҚС-мен 9,1% төмендеді, оның ішінде:

- «Энергосервис» ЖШС ҚҚС-мен 15,90 теңгеден 14,46 теңгеге дейін;

- «Шиелі Жарығы» ЖШС ҚҚС-мен 17,49 теңгеден 15,90 теңгеге дейін;

- «Дәулетэнерго» ЖШС ҚҚС-мен 18,26 теңгеден 16,60 теңгеге дейін.

Сәйкесінше, тұрғындар үшін тұтыну көлемі бойынша сараланған тарифтер 9,1% төмендетілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT