Қызылорда облысында көлік апатынан екі адам қаза тапты
Оқиға 8 тамыз күні сағат 03:30 шамасында «Самара-Шымкент» тасжолының Арал ауданы, Қамыстыбас елді мекенінің тұсында болған.
«Тексеру барысында, Ресейден Өзбекстанға бағыт алған «Chevrolet Nexia» автокөлігі қарама-қарсы бағыттағы келе жатқан «Mercedes-Benz Sprinter» автокөлігіне соқтығысқан. «Chevrolet Nexia» автокөлігінің жүргізушісі және бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ал «Mercedes-Benz Sprinter» автокөлігіндегі жүргізушінің жанында екі жолаушы болған. Оның бірі дене жарақатымен Қазалы аудандық ауруханасына жатқызылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Ведомство мәліметінше, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4- бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Тиісті сараптамалар тағайындалған.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада жасөспірімді қағып өлтірген мас жүргізуші 1,5 жылға сотталған еді.