Қызылорда облысында көктайғақ салдарынан жолда қалған 264 адам құтқарылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада көктайғақ салдарынан жолда қалып қойған 267 адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылорда облысында соңғы күндері қолайсыз ауа-райының орын алуына байланысты тасжолдар мұзға оранды. Көктайғақ салдарынан жолға шыққан азаматтар үшін көлік қозғалысында қиындық туды. Салдарынан жолда қалып қойған азаматтар аз болған жоқ.

Осыған байланысты кеше түнге қарай Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті тарапынан республикалық маңызы бар «Шымкент-Самара» тасжолының Қызылорда қаласы мен Қармақшы ауданының Төретам елді мекеніне дейін жолдың жабылғаны туралы хабарланды. Дегенмен жолаушылардың жолда қалып қою жағдайы орын алды. Шымкент қаласынан Ресейге бет алған «Сетра» маркалы автобус жолаушылары тиісті сала мамандарының жұмыс атқаруы нәтижесінде мұз құрсауынан құтқарылды.

Қызылорда облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, осындай шаралардың нәтижесінде барлығы 122 көлік қауіпсіз жерлерге шығарылған. Нәтижесінде барлығы 267 азамат тосын жағдайға тап болудан құтқарылды.

«Соған қарамастан жол бойында төтенше жағдайлар орын алды. Бұл оқиға Қармақшы ауданының тұсында болды. Шымкент қаласынан Ақтөбеге бет алған «Chevrolet Cruze» маркалы автокөлігі жолдан шығып кеткен. Полиция қызметкерлері және басқа да сала мамандары тарапынан аталмыш автокөлік иесі тиісті көмек көрсетілді. Сондай-ақ, техникалық ақау салдарынан жол бойында тұрып қалған екі автокөлік жүргізушісі мен жолаушыларына алғашқы жәрдем жасалды. Олар жақын маңдағы елді мекендерге жеткізілді», - деп хабарлайды Қызылорда облыстық полиция департаменті мамандары.

Осындай жауапты сәтте Қызылорда облыстық патрульдік-полиция ротасының полиция қызметкерлері Дархан Алматов, Досбол Досымов, Нұржан Календаров, Мақсат Жеңісбеков, Азамат Байсалов және Руслан Дәулетбаев белсенді қимылдарымен көзге түсті.

Қазіргі таңда Сыр өңірінде республикалық маңызы бар жолдар бойында сервис нысандарының қатары көбейіп келеді. Ауа-райының қолайсыздығы туындаған жағдайда олар жолаушыларға көмек көрсетуге үлкен септігін тигізіп отыр.
null

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын Қызылорда облысында боранда қалған 143 адам құтқарылған еді.

Соңғы жаңалықтар