Қызылорда облысында кәсіпкерлердің саны 5,8 пайызға артты

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында кәсіпкерлердің саны 5,8 пайызға артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде кәсіпкерлердің саны 5,8, онда жұмыспен қамтылғандар 9,2 пайызға ұлғайған. Ал өндірілген өнім көлемі 11,7 пайызға артқан.

«Шағын және орта бизнес саласын дамыту бағытындағы жұмыстардың нәтижесін экономикадағы үлесінің артуынан көруге болады. Биыл мемлекеттік бағдарламалар аясында 2 592 жоба қайтарымсыз гранттармен қамтылып, облыста кәсіпкерлер үлесі артып келеді. Қайтарымсыз гранттар кәсіпкерлікті дамытудың маңызды құралына айналды», - деді облыстық Кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Талғат Бекішев.

Өңірде жеке кәсібін ашып, ел экономикасының дамуына үлес қосып жүрген азаматтар қатары артқан. Солардың бірі – Олжас Ақсейітов. Ол «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасымен 2 млн теңге көлемінде қаржыға жеке кәсібін ашты.

«2020 жылы «пейнтбол» жобасымен мемлекеттік грантқа қол жеткіздім. Осы кәсіппен айналысқаныма бір жарым жылдан асты. Пандемия кезінде қиындықтар болғанымен, қазіргі таңда келушілер саны артқан. Алдағы уақытта жеке кәсібімді ұлғайтуды жоспарлаудамын», - деді жеке кәсіпкер Олжас Ақсейітов.



Соңғы жаңалықтар