Қызылорда облысында карантин талаптары күшейтілді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында карантин талаптары күшейтілді. Бұл жөнінде облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №8 қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа қаулыда бірқатар шектеу көрсетілген. Сондай-ақ, келесі тізбедегі нысандар жұмысына рұқсат берілген. Атап айтқанда, жалпы білім беретін мектептерде 1-5, халықаралық мектептерде 1-7 сынып, мектеп алды сыныптарының оқушылары үшін бала санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқытуға болады. Ал оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтықтан аралас форматта оқытуға рұқсат, бұл ретте сыныпта 15 адамнан аспауы тиіс. Тағы бір айта кетерлігі, 15 адамнан аспайтын топтарды жинақтау сақталған кезде мектепке дейінгі мекемелердің кезекші топтарына рұқсат етілген.

Азық-түлік тауарларын сату бойынша супермаркеттер, гипермаркеттер жұмысына сағат 07.00-ден 23.00-ге дейін, дүкендер, шағын маркеттер жұмысына штаттық режимде, азық-түлік емес тауарларды өткізу объектілерінің жұмысына сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, ашық аспан астындағы азық-түлік базарлары үшін штаттық режимде, азық-түлік емес базарлар үшін жұмыс және сенбі күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыруға болады.

Ескерерлігі, сенбі және жексенбі күнгі азық-түлік жәрмеңкелерінің жұмысына сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс жасауына мүмкіндік бар. Ал жабық базарлар жұмысына, ойын-сауда орталықтарының, сауда үйлері, сауда желілерінің жұмысына, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салынады.

Қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын ғимараттардың ішінде толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және ашық ауада отыратын орын саны 30-дан аспайтын шарттарды сақтаған жағдайда сағат 9.00-ден 22.00-ге дейін, сонымен қатар фудкордтарды қоса алғанда жеткізу мен әкету жұмысына сағат 07.00-ден 24.00-ге дейін болады.

Сондай-ақ, фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, спорттық-сауықтыру объектілерінің, жабық бассейндердің, СПА-орталықтарының, СПА-салондардың, сондай-ақ массаж орталықтары мен кабинеттердің жұмысын жұмыс күні сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін созылады. Ал сенбі, жексенбі күндері олардың жұмыстарына тыйым салынады.

Сұлулық салондарының, шаштараздардың, «барбер шоптың», косметикалық және косметологиялық қызметтер, маникюр және педикюр қызметтерін көрсететін орталықтар мен салондардың жұмысына сағат 8.00-ден 21.00-ге дейін, «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілер үшін «сары аймақ» өлшем шарттар қойыла отырып рұқсат етіледі.

«Діни объектілерінің жұмысын бұқаралық іс-шараларды өткізуге және оларда орналасқан қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысына тыйым салынады. Мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, басқа да кеңселер қызметі мамандарының кемінде 80%-ы қашықтықтан жұмыс істейді. Такси қызметтерінде 3 ересек адамға дейін немесе бір ересек адам екі кәмелетке толмаған баланы алып жүру талаптары сақталады», - деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жаңабергенова.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының, сондай-ақ мамандандырылған ХҚКО жұмысына тек алдын ала телеграмм-ботпен брондау арқылы және банктер, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері жұмысына сағат 9.00 ден 18.00-ге дейін рұқсат беріледі.

Аталған қаулыбүгін, 22 сәуірден бастап күшіне енді.

Еске салсақ, Қызылорда облысының аудандарында коронавирус жұқтырғандар саны артты.



Соңғы жаңалықтар