+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қызылорда облысында карантин шектеуінің әсерінен коронавирус динамикасы тұрақталып келеді

2020 жылғы 12 тамыз 13:17
Бөлісіңіз:
Қызылорда облысында карантин шектеуінің әсерінен коронавирус динамикасы тұрақталып келеді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Карантин шектеуінен өңірдегі эпидемиологиялық ахуал жақсарып, вирус динамикасы тұрақтанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ресейде бір аптада 40 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырды Бейжіңде тікелей халықаралық рейстер тоқтатылуы мүмкін Ақмолалықтар коронавирус індетінің екінші толқынына дайындалып жатыр

Індет өршіген кезден бергі жағдаймен салыстырғанда вирус жұқтырғандар саны азайып, сауығып шыққандар қатары көбейді. Бүгінгі күні инфекциялық стационарда 51 адам ем алуда. Аудандардағы ауруханалар ішінен ашылған провизорлық стационарлар жабылуда. Мәселен, кеше Жаңақорған ауданының ауруханасынан соңғы науқас айығып шығып, үйіне оралды. Емдеу мекемелері жоспарлы қабылдауға қайта кірісуде.

«Індетті өршітпеу мақсатында өңірде 6 компьютерлік томография жұмыс істеп тұр. Дегенмен, әлі де 2 аппаратқа қажеттілік бар. Дегенмен, рентген аппаратын алу бір ай ішінде 2 есеге өсті. Бұрын 22 аппарат болса, қазір 52 аппаратқа дейін жетіп отыр. Өкпені жасанды желдету аппараттары да қажеттілікке қарай алынған. Шілде айында аппарат саны 64 болса, жаңадан 53 ӨЖЖ аппараты алынды. Тұрақты қолдау шараларының нәтижесінде аймақта барлығы 431 оттегі концентраторы, 896 оттегі баллоны бар. Ал өңірде 10 ПТР аппараты халыққа қызмет жасап, тәулігіне 1500 сынама анализдер алуға мүмкіндік берді», делінген хабарламада.

Коронавируспен күресте дәрі-дәрмектің қорын жасақтау маңызды. Облыста барлық медицина мекемелері дәрілік заттармен және қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілді. Бүгінгі күні қажеттілік есепке алынып, емдеу мекемелерінде 2 айға жетерлік қор қалыптасты. Ал, дәріханаларда 1 айға жетерлік қоры жасақталды.

«Өңірде жедел-жәрдем шақырту да азайды. Маусым айындағы шақырту санымен салыстырғанда бүгінде науқастардың қоңырауы екі есеге төмендеген. Бұрын 2 120 шақыру түссе, қазір шақырту 1001 ғана. Демек, жүктеме төмендеді. Шектеу шараларының оң әсерінен стационарға жеткізілген адамдар саны 8 есеге азайды. Маусымдық көрсеткіш 450 болса, шілдеде 57-ге төмендеді», делінген хабарламада.

Жеке азаматтардың қауіпсіздікті сақтап, оқшауланып, қажетті ем-шараларын алуына ақпараттық түсіндірме жұмыстарының оң әсері тиді.

Өңірде 24 сағат call орталығы жұмыс жүргізіп, 161 мобильді топ құрылды. Біліктікті дәрігерлердің қатысуымен «Дәрігер сағаты» бағдарламасы ашылып, тікелей эфирде халыққа қажетті ақпарат ұсынылды. БАҚ пен әлеуметтік желіде 37887 материал, 220 брифинг өткен.

«Соңғы апталық ахуалдың жақсаруына сәйкес медицина мамандары тұрғындардың карантин талаптарын сақтап, оқшаулану қағидасымен жүру қажеттігін сұрайды. Тек шектеулердің нәтижесінде ғана айыққандар саны көбейіп, вирус індетін түбегейлі жою мүмкіндігі болады», делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT