Қызылорда облысында қаңтар айында 4293 адам коронавирус жұқтырды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында қаңтар айында 4293 адам коронавирус жұқтырды. Салдарынан антирекордтық көрсеткіш тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақпан айында облыс бойынша коронавирус инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы тұрақталып келеді. Биылғы жылдың 30 қаңтарынан облыс «сары» аймақта тұр.

«2020 жылғы наурыздан бері аймақта 23 824 адам коронавирус жұқтырды. Ал биылғы қаңтар айында коронавирус инфекциясын жұқтырудың барлығы 4 293 жағдайы анықталды. Өткен тәулікте мұндай 48 жағдай тіркелді. Басым көпшілігінде клиникалық белгілері анықталған жоқ. Науқастардың арасында 14 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер арасында 13 жағдай тіркелді», - деп мәлім етті .

Ведомство мәліметінше, бүгінгі күні өңірде 1639 белсенді ошақ бар. Барлығында індетке қарсы профилактикалық шаралар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар медициналық бақылауға алынған.

Еске салсақ, Қызылорда облысында 420 мыңнан астам вакцина салдырды.


Соңғы жаңалықтар