Қызылорда облысында ірі көлемдегі есірткі алқабы анықталды
2022 жылғы 6 шілде 15:42

Қызылорда облысында ірі көлемдегі есірткі алқабы анықталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында ірі көлемдегі есірткі алқабы анықталды, деп хабарлйды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Қармақшы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іс-шара жүргізді. Іс-шара барысында ауданға қарасты далалық жерде 766 түп сора өсімдігін еккен Қызылорда қаласының 58 жастағы қала тұрғыны қолға түсті.

«Оқиға орнынан азық-түлік, сора өсіруге арналған арнайы жабдықтар, палатка, генератор және өзге де заттар тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес заттай дәлелдеме ретінде 3,5 келі сора өсімдігі анықталды.Күдікті Қармақшы аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 300-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Онда ірі мөлшерде құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру жағдайы көрсетілген», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Ведомствоның хабарлауынша, жыл басынан бері облыста есірткі қылмысының 96 дерегі анықталды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада тағы бір ірі есірткі алқабы жойылды.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT