+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Қызылорда облысында ірі есірткі алқабы анықталды

2021 жылғы 14 қыркүйек 14:56
Бөлісіңіз:
Қызылорда облысында ірі есірткі алқабы анықталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық полицейлер ірі есірткі алқабын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Өскеменде көлігіне есірткі тығып, саудалаған 38 жастағы ер адам ұсталды Жамбыл облысының тұрғыны героиннің аса ірі мөлшерімен ұсталды ШҚО тұрғыны үйінде есірткі дайындаумен айналысқан

Қызылорда облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2021» жедел-профилактикалық шарасы барысында ірі есірткі алқабын анықтады.

Есірткі Арал ауданы Жіңішкеқұм ауылынан 100 шақырым қашықтықта, далалық жерде егілген. Оқиға орнында күдікті үш ер адам ұсталды.

Олар 2479 түп сора өсімдігін арнайылап баптап, егіп өсірген.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада ауласында есірткі өсірген 62 жастағы тұрғын қолға түсті.

Ол кісінің ауласынан 105 түп сора өсімдігі табылып, айғақ зат ретінде тәркіледі. Сараптама тағайындалды. Қорытындыға сәйкес, ол сора есірткісі болып шықты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT