Қызылорда облысында геоархеологиялық зерттеу жұмысы жүргізіледі

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында геоархеологиялық зерттеулер жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жұмыстарды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық «Геоархеология» ғылыми-зерттеу зертханасы атқаратын болды. Зертхана бұдан оншақты жыл бұрын құрылған. Алғашқыда оған тарих ғылымдарының докторы, профессор Жәкен Таймағамбетов жетекшілік етті. Қазір зертханаға тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Ғалымжан Бексейітов басшылық жасайды.

Тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Досбол Байқонақовтың айтуынша, бұдан бұрын зертхананың негізгі жұмысы Жетісу жерінде жүргізіліп келді. Алайда мамандарды Сыр өңірі тарих қойнауы да өткен жылдардан бері қызықтырып отыр.

«Сыр өңірін адамзат баласы ілкі замандардан бері мекендеуде. Мұнда адам баласы тас дәуірі, палеометалл кезеңі, қола ғасыры, ерте темір дәуірінде тіршілік еткендігі археологиялық, этнографиялық және тарихи деректемелер негізінде анықталған. Зертхана мүшелері Сыр өңіріндегі ескерткіштерді бірнеше жылдан бері зерттеуге азды-кемді ат салысып келеді. Алайда көбіне зерттеу жұмыстары археологиялық барлау шеңберінде жүргізілген болатын. Өткен жылы Қызылорда облысының бірнеше аумағынан жаңа ескерткіштер далалық барлау жұмыстары барысында анықталды. Бұл ізденістерге жергілікті археологтар, «Геоархеология» зертханасының қызметкерлері күш салып, тас және қола дәуіріне жататын бірнеше археологиялық ескерткіштер орындары анықталған болатын. Әсіресе бұрын белгісіз болып келген тас дәуірлері мен қола ғасырының ескерткіштері Арал мен Қазалы аудандары аумағынан табылып отыр», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар