Қызылорда облысында газ құбырындағы апатқа байланысты комиссия құрылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Кеше Қызылорда облысында апатты жағдай тіркелген болатын. Олыс орталығын газбен қамтамасыз етіп отырған құбырлардың бірі істен шығып, соның салдарынан сегіз мыңнан астам үй көгілдір отыннан ажыратылды. Бүгін Қызылорда облыстық өңірлік коммуникациялар орталығында баспасөз конференциясы өтіп, сала мамандары төтенше жағдай туралы ақпарат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі істен шыққан құбыр әлі ретке келтірілген жоқ. Сол себепті Шанхай мөлтек ауданының тұрғындары көгілдір отынсыз отыр. Төтенше жағдайдың орын алу себебін анықтау үшін, арнайы комиссия құрылды.

«Газ жарылған көпқабатты үйдің тұрғындарының жағдайы қазір біздің назарымызда. Оларға алдағы уақытта көмек берілетін болады. Кешеден бері біршама үйлерге газ қайта қосылды. Біз халық арасында ескерту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Көгілдір отын берілгенде үйде ересек адам болуы керек», - деді «ҚазТрансГазАймақ» өндірістік АҚ филиалының директоры Талғат Қызылбаев.

Айнұр Төлешова

Соңғы жаңалықтар