Қызылорда облысында газ бағасы 21 пайызға төмендеді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылорда облысының барлық тұтынушылары үшін газ бағасы 21 пайызға төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2021 жылғы 30 маусымда ҚР Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облыстық департаменті есептерді қарау нәтижесі бойынша тауарлық газды таратушы құбырлар арқылы тасымалдау қызметіне уақытша өтемдік тариф бекіткен еді.

«Оған «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда филиалы келіспей, аталған бұйрықты заңсыз деп тану туралы сотқа шағым түсірді. Осыған байланысты сот талқылаулары жүргізілді. Олардың барлығында департамент бұйрығы заңды деп танылды. Бұл бойынша Қызылорда облысы тұтынушыларының құқықтарын қорғау мақсатында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда филиалының сомасы 1,4 млрд теңге негізсіз алынған кірісі тұтынушыларға биылғы жылғы 1 тамыздан бастап бір жыл мерзімге төмендету арқылы қайтарылатын болды. Оның ішінде халық үшін тариф 1 000 шаршы метрге қосымша құн салығынсыз 16 492,52 теңгеден 13 043,49 теңгеге дейін, 21% шамасында төмендейді», - деп мәлім етті ҚР Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында ауыз су сапасынан кемшіліктер табылды.



Фото: vesti.ua

Соңғы жаңалықтар