Қызылорда облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақтанып келеді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақтанып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Биылғы жылы індеттің өршіген уақыты тамыз айында тіркелген. Қазіргі таңда аурудың төмендеу қарқыны байқалады.

«Бүгінгі күнге дейін облыста коронавирус инфекциясының 18 297 жағдайы тіркелді. Оның 81,4 пайызы осы жылы анықталған. Індет өткен жылмен салыстырғанда 4,4 есеге жоғарылаған. Қазан айында аурудың төмендеу қарқыны байқалады. Қазан айының он екі күнінде барлығы 353 жағдай тіркелген. Ең жоғарғы көрсеткіш биылғы жылдың тамыз айында болғаны белгілі. Қазіргі таңда тұрғындар арасында ұжымдық иммунитет қалыптасып келеді. Алайда індет жұқтырушылардың көпшілігі жұмыссыз азаматтар екені белгілі. Дегенмен, облыста екпе алу қарқыны белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Облыста екпе қоры жеткілікті», - деді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бастығының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.
Еске салсақ, Қызылордада екпе қабылдауға қабілетті азаматтардың 72 пайызы вакцина салдырды.


Соңғы жаңалықтар