Қызылорда облысында дәріханаларға қоғамдық бақылау күшейтілді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында дәріханаларға қоғамдық бақылау күшейтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл бағытта арнайы монитоингтік топ жұмыс жүргізуде. Топ мүшелері жаз мезгілінде тұрғындар тарапынан дәрілерге сұраныс артқан уақытта нәтижелі іс-шаралар барысын атқарды. Соның арқасында дәрі-дәрмек тапшылығын болдырмау бағытында көптеген жұмыстар жүзеге асты.

«Шындығын айтқанда, індет өршіген жазғы уақытта дәрі тапшылығы кездескені жасырын емес. Сол кезеңде мониторингтік топтар белсенді әрекет жасай білді. Ол дәрі тапшылығын жоюға оң ықпалын тигізді. Ендігі кезекте сол қателіктерді болдырмау бағытында тиісті жұмыстар жүзеге асады. Бүгінде облыста бұл бағытта қажетті қаржы бөлінуде. Бюджеттен қаралған 500 млн теңгеге жуық ақшаға дәрі-дәрмек қорын жасақтауға мән беріліп отыр. Олар қажетті уақытта дәріханаларға жеткізіледі. Сол арқылы тұрғындарға бөлшек саудада сатылады», - деді облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов.

Айта кетерлігі, облыстың бас пульмонологы мен бас инфекционисінің қатысуымен стационарлық және емханалық жағдайда жетіспеген дәрілерге сараптама жасалды. Бұл коронавирус және вирустық пневмония науқастарына қолданылатын дәрілік препараттар қорын жасақтауға мүмкіндік туғызды.

Бүгінде облыста коронавирус инфекциясы бойынша 3249 жағдай тіркелген. Оның ішінде 55,4 проценті клиникалық белгісі бойынша анықталса, қалғанын клиникалық белгісінсіз науқастар құрайды.



Соңғы жаңалықтар