USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Қызылорда облысында боранда қалған 143 адам құтқарылды

2019 жылғы 15 ақпан 01:23
Бөлісіңіз:
Қызылорда облысында боранда қалған 143 адам құтқарылды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық құтқарушылар Қызылорда мен Жезқазған аралығындағы жолда 143 адам мінген 54 көлікті қар құрсауынан алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті жедел кезекшісіне 13 ақпан күні хабар келіп түсті. Аталмыш хабарламада Қызылорда-Жезқазған тас жолының бойында жолаушылар қалып қойғаны айтылған. Департамент кезекшісінің хабарлауымен Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы оқиға орнына аттанды.

«Бұл аумақ ауа райы нашар болды. Аумақ қар құрсауында қалған. Оған қоса боран соғып тұрды. Осылайша тас жолдың 195-212 шақырымы аралығында жолаушылар қиын жағдайда қалып қойған. Құтқарушылар дереу іске кірісті. Осының нәтижесінде жолаушылар құтқарылды. Олар Қызылорда қаласына жеткізілді. Олардың арасында зардап шеккендер мен үсік шалғандар кездескен жоқ», - деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы Айгүл Нұрманова.

Авариялық құтқару жұмыстары барысында қар құрсауынан 40 жеңіл, 10 жүк көлігін және 4 шағын автобусқа мінген 43 жолаушы қауіпсіз жерге шығарылды.

Бұған дейін көлік ішінде қысылып қалған қызылордалықтың құтқарылғаны хабарланған болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT