Қызылорда облысында биыл 11 адам суға кетті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жыл басынан бері су айдындарында 11 адам қаза болды. Оның 5-еуі — бала, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Былтыр дәл осы кезеңде 18 адам суға кеткен, оның 13-і — бала.

Облыс аумағымен өтетін Сырдария өзенінің ұзындығы 1274 шақырымды құрайды. Мұнан басқа 19 ірі канал, 220 шағын канал және 207 көл облыс аумағында орналасқан және 64 қауіпті учаске бар.

«Айта кету керек, ұжымдар мен оқу орындары жастарының жаз айларында табиғатқа шығып, демалыстарын өзен мен көлдердің жағасында ұйымдастыруы көп кездеседі. Осындай кейбір демалыстар бақытсыз жағдаймен аяқталып жатады. Облыста жыл басынан бері су айдындарында 11 адам қаза болды. Оның 5-еуі — бала, - деді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма басшысы Асхат Тоғызбаев.

Облыс аумағында суға шомылуға рұқсат етілген 2 жағажай жұмыс істейді. Қазіргі таңда аудандарда 4 коммуналдық жағажайдың қаулысы әзірленуде.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада суға батып кеткен елордалық жасөспірімнің денесі табылды.



Соңғы жаңалықтар