+7 (701) 759 90 19
USD 432.94 EUR 513.68
RUB 5.62 CNY 66.1
Jańalyqtar

Қызылорда облысында бір жасқа дейінгі сәбилердің коронавирус жұқтыруы алаңдатып отыр

2021 жылғы 9 сәуір 01:48
Бөлісіңіз:
Қызылорда облысында бір жасқа дейінгі сәбилердің коронавирус жұқтыруы алаңдатып отыр

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында бір жасқа дейінгі сәбилердің коронавирус жұқтыру жағдайы аалңдатып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алексей Цой: Толық локдаунға оралуды қаламаймыз Коронавирус жұқтырған 523 науқастың жағдайы ауыр – министрлік Қазақстанда 101 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды

Қазір облыста коронавирус инфекциясын жұқтырушылар саны азаймай отыр. Соның салдарынан «сары» аймаққа енді .

Сәуір айының алғашқы аптасында 201 жағдай тіркелді. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш төмендемесе карантин талаптары күшейтіледі.

«Бізді 1 жасқа дейінгі сәбилер мен мектеп жасындағы балалардың ауру жұқтыруы алаңдатуда. Аудандарда да жағдай күрделеніп барады. Бұл - сақтық шарасына салғырттық танытудың салдары. Осылай жалғаса берсе карантин талаптарын күшейтуге мәжбүр боламыз», – деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.

Бүгінде мониторинг топтары карантин талабының сақталуын қадағалау мақсатында күн сайын тексеріс жүргізіп жатыр.

Аталмыш жұмыс аясында мыңнан аса нысан мен үйлер араланып, карантин бұзғандарға әкімшілік шара қолданылуда.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT