Қызылорда облысында бір жасар сәби септикке құлап көз жұмды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында есік алдындағы септикке құлаған бір жастағы сәби көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментіне 26 наурызда сағат 12.55- те хабарлама түскен.

«Онда Сырдария ауданы Тереңөзек кентіндегі жеке тұрғын үйде 2022 жылы дүниеге келген сәби септикке құлап, көз жұмғаны айтылған. Сәби ересектердің қарауынсыз қалған. Оның мәйітін туыстары өз күшімен сыртқа шығарды», - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Айгүл Нұрманова.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында 2 жасар сәби құдыққа құлап, көз жұмды.


Соңғы жаңалықтар