Қызылорда облысында білім бөлімінің басшылары вакцина салдырды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында білім бөлімінің басшылары коронавируске қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова, қалалық білім бөлімінің басшысы Динара Баймұрзаева қатерлі індетке қарсы екпе қабылдаған болатын.

Енді олардың қатарына Арал және Қазалы аудандық білім бөлімінің басшылары Санира Жанназарова Әділхан Жөлекешов қосылды. Бөлім басшылары вакцинадан кейін денсаулық жағдайы жөнінде айтты.

«Қазалыда ауданында алғашқы кезектілер қатарында «Спутник V» вакцинасын қабылдадым. Біздер үшін отбасымыздың, оқушылар мен ата-аналардың, барша педагогтардың саулығы маңызды. Бұл індетті бірлесе отырып еңсеретінімізге сенімдімін. Вакцинадан соң ешбір ауырсыну сезінбедім, жағдайым жақсы, бірқалыпты»,- деді Әділхан Жөлекешов.

«Мен Арал ауданында «Спутник V» вакцинасының алғашқы компонентін әріптестеріммен, мектеп басшыларымен, оқушылармен тұрақты жұмыс жүргізетіндіктен өзімді де өзгелерді де сақтау мақсатында екпе салдырдым. Кері әсері байқалмады. Қазір қалыпты жағдайдамын», - деді Санира Жанназарова.

Еске салсақ, Қызылорда облысында коронавирусқа қарсы препараттар бағасы 27% арзандады.



Соңғы жаңалықтар