Қызылорда облысында бензовоз жеңіл көлікке соғылып, 4 адам көз жұмды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz cілтеме жасап.

14 желтоқсан күні Қызылорда облысының Теренөзек-Қызылорда тас жолының 60/31 шақырымында КамАЗ бен бензовоз көліктері жеңіл автокөлікпен соқтығысқан. Апат салдарынан 4 адам көз жұмып, бір адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды.

Орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.


Соңғы жаңалықтар