Қызылорда облысында белгісіз заттан уланған екі адам қайтыс болды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында «Казспекторстрой» ЖШС екі қызметкері белгісіз заттан улану салдарынан қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 3 ақпанда Қызылорда облысында «Саутс-ойл» ЖШС қосалқы мердігері «Казспекторстрой» ЖШС-де болды.

«Серіктестікте еңбек ететін екі қызметкер алдын ала мәліметтерге сәйкес «белгісіз заттан улану салдарынан туындаған жүрек жетіспеушілігі» салдарынан қайтыс болды деген диагноз қойылды. Қаза болу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабымен қылмыстық іс тіркелді. Онда санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу жағдайы көрсетілген. Бұл бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Ведомство мәліметінше, тиісті сапартамалар тағайындалған. Оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада 2 автобус соқтығысып қалды.


Соңғы жаңалықтар