Қызылорда облысында балалар арасында коронавирус инфекциясы өршіп барады

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында балалар арасында коронавирус инфекциясы өршіп барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде шілде айында бұған байланысты 145 дерек тіркелді. Бүгінде олардың 51-і амбулаторлық, 49-ы стационарлық бақылауға алынған.

-Балаларға вирус вакцина салдырмаған ата-анасынан жұғуда. Олар вакцина салдырмаумен қатар санитарлық нормаларды сақтамаған, яғни көпшілік орындарға барған. Бүгінде ахуалға байланысты күшейтілген режимде жұмыс жасаудамыз. Облыс көлеміндегі инфекциялық төсек орындарын қайта бейіндендіру мақсатында 14 стационарда 585 инфекциялық төсек-орын ашылған болатын. Ал 28 шілдеден бастап 1970 төсек-орынға көбейді, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазилов.

Мобильді дәрігерлер тобы шақыртуларға уақытылы, сапалы қызмет көрсетуде. Науқастарға кеңес беріп, дәрі-дәрмегін үйге жеткізіліп отыр.

Бүгінге дейін 138 дәрігерлік мобильдік топ 5235 шақырысқа барып, науқастарға ем жасаған.

Қазір облыста 217 956 адам екпенің 1 компонентін, ал 2 компонентін 146 315 адам қабылдаған.

COVID-19-ке қарсы иммундау науқанына 106 екпе кабинеті, оның ішінде аудандарда 91 кабинет тартылып, жұмыс жасауда.

Бұдан басқа, шалғайдағы ауыл, аудандарда вакцинациялауды жүргізу үшін медицина қызметкерлері жасақталған.

Еске салсақ, Қызылордада карантин шаралары күшейтілді.


Соңғы жаңалықтар