Қызылорда облысында автобустар соқтығысып, 2 адам көз жұмды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының Қармақшы ауданында екі автобус соқтығысып, 14 адам зардап шекті. Екі адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төтенше жағдайлар комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 қараша күні кешкісін Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ақжар ауылынан 10 шақырым қашықтықта ірі жол апаты болған.

«Екі жолаушылар автобус соқтығысты. Оның біреуінде 37 адам, екіншісінде 32 жолаушы болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2 адам қаза тапты. 14 адам жақын маңдағы Қармақшы аудандық ауруханасына жеткізілді. Зардап шеккен 14 адамның екеуі - бала», - делінген ТЖК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Оқиға орнына жеке құрамның 7 қызметкері және ТЖД 2 техникасы, «Апаттық медицина орталығының» 5 жұмысшысы барған. 

Соңғы жаңалықтар