+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 512.1
RUB 5.63 CNY 64.49
Jańalyqtar

Қызылорда облысында  ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыруға көңіл бөлінуде

2020 жылғы 29 қазан 08:51
Бөлісіңіз:
Қызылорда облысында  ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыруға көңіл бөлінуде

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды облысында ауыл шаруашылық жерлерінің электрондық картасы жасалады Асқар Мамин ШЫҰ мемлекеттерінің агроөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастығын күшейтуді ұсынды Кентауда ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 64 млрд теңгеге жеткен

Қызылорда облысы елімізде негізгі күріш егетін өңір ретінде кеңінен танымал. Алайда, су тапшылығы бұл дақылдың егісін азайту қажеттілігін туындатып отыр.

Қазіргі таңда жаңа заманауи суару жүйелеріне назар аударылды. Атап айтқанда, тамшылатып және жаңбырлатып суару жүйелерін, аквагельдерді пайдалануға ерекше көңіл бөлінеді. Облыстың Жаңақорған ауданында аквагельдерді пайдалану бойынша жақсы жұмыс тәжірибесі бар. Күздік бидай себілген 80 гектар алқаптан орта есеппен гектарынан 18 центнерден өнім алынды. Енді бұл тәжірибені облыстың өзге өңірлеріне тарату жоспарлануда.

«Жаңа дақылдар облыстың климаттық жағдайына сәйкес келуі тиіс. Бұл орайда қант құмайы мен сояны атап өтуге әбден болады. Кейінгі жылдарда жергілікті ғалымдар қант құмайын сынақтан өткізе бастады. Одан жиналған өнім де көңіл көншітерлік. Оған қоса соя дақылының тиімділігіне көз жеткізіп отырмыз. Жергілікті шаруалар оны өсіру тәсілдерін де меңгерді . Биыл 240 гектар соядан 263, 70 гектар қант құмайынан 31 тонна өнім жиналды. Жүгері көлемі 1700 гектарға жуықтады», - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев.

Айта кетерлігі, биыл облыс бойынша 184,2 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Оның ішінде дәндi дақылдар 99,9, майлы дақылдар 5,7, мал азықтық дақылдар 61 мың, картоп, көкөнiс, бақша 17,6 мың гектарға орналастырылды. Негізгі дақыл – күрiш 89,5 мың гектарға егілді.

Сондай-ақ, Қызылорда облысында 2023 жылға дейінгі экономикалық даму жоспары жүзеге асырылуда .


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT