Қызылорда облысында аптап ыстықта жолда қалған 30 жолаушы құтқарылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында аптап ыстықта «Жезқазған-Қызылорда» трассасында айдалада жолда қалып қойған 30 жолаушы құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жолаушылар автобусы Нұр-Сұлтан қаласынан Түркістан облысының Жетісай қаласына бағыт алып бара жатқан. Автобус «Жезқазған-Қызылорда» трассасында бұзылып, 30 адам жолда қалып қойды.

«Бұл жөнінде төтенше жағдайлар 112- құтқару қызметіне қоңырау түсті. Аталған шақырту бойынша Өрт сөндіру қызметінен мамандар ПАЗ автобусымен оқиға орнына жетті. Жолаушылар арасында Өзбекстан азаматтары бар болып шықты. Қалғаны жолай көліктерге мініп кеткені анықталды. Төтенше жағдайлар саласының мамандары жолаушылардың қан қысымын өлшеп, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Олар Қызылорда қаласындағы автовокзалдан өзге автобустарға мініп кетті», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.


Соңғы жаңалықтар