+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Қызылорда облысында әлеуметтік дүкендер саны 34-ке жетті

2021 жылғы 19 қыркүйек 03:38
Бөлісіңіз:
Қызылорда облысында әлеуметтік дүкендер саны 34-ке жетті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында әлеуметтік дүкендер саны 34-ке жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Вакцинация коронавирус инфекциясының таралуын бәсеңдетеді - қызылордалық дәрігер Қызылордада биыл ұзындығы 355 шақырым автомобиль жолы мен көпір өткелі жөндеуден өтті Қызылорда облысында жыл басынан бері 815 санитарлық тексеру жүргізілген

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова өңірдегі азық-түлік өнімдерінің бағасын бақылау мақсатында қаладағы бірқатар ірі сауда орны мен әлеуметтік дүкендерді аралады.

Айта кету керек, аймақ басшысы осы кезге дейін әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік өнімін шекті бағадан асырмау, әлеуметтік дүкендер желісін көбейту жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Сол мақсатта облыстың тұрақтандыру қорынан тауарлық интервенциялар жүргізу, «айналым» схема бойынша бағаны тұрақтандыру механизмі аясында зайым беру шаралары қабылданды.


Қазіргі таңда тұрақтандыру қорында 1042,9 тонна өнім көлемі сақталып, төмен бағада сатылуда. Оның ішінде бірінші сортты бидай ұны - 616,5, күріш - 96,8, қант - 235,4, макарон - 72,3, қарақұмық жармасы - 21,9 тонна.

Өңір басшысы облыс орталығындағы «Small», «Магнум», «Әл-асад» секілді ірі сауда үйлеріне барып, халық жиі тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын қадағалады. Ұн, қант, күнбағыс майы мен көкөніс өнімдерін бағасын бекітілген тізіммен сәйкестігіне назар салды.

Гүлшара Әбдіқалықова әлеуметтік дүкендердің желісін көбейту арқылы халыққа қолжетімді бағада өнім ұсынуға мүмкіндік кеңейетінін алға тартты. Тиісті сала басшыларына жергілікті өнімдерді көбейту қажеттігін қаперге салды.


Айта кетерлігі, өңірде әлеуметтік дүкендердің саны 34-ке жетті. Биыл 5 дүкен ашылды.

Сондай-ақ, Гүлшара Әбдіқалықова жергілікті өнімдер саудаланатын жәрмеңкеде тұрғындармен тілдесті. Шиелі ауданы шаруа қожалықтарының өнімдері ұсынылған жәрмеңкеде халықпен бірге қолдан дайындалған табиғи өнімдерді сатып алды. Жергілікті өнімдер қатарын көбейткен қауыннан жасалған чипсы, бұқтырылған ет, бал өнімдерін көріп, кәсіпкерлермен пікірлесті.


Жәрмеңкеге 50 тоннадан астам ақталған күріш, 80 тонна картоп, 30 тонна пияз, 25 тонна сәбіз, 30 тонна көкөніс, 80 тонна бақша өнімдері, 10 тонна ет пен шұжық, 5 тонна балық, 3 тоннаға жуық нан және макарон, 1 тоннадан астам сүт және 15 тонна кондитер өнімдері жеткізілген.

Енді 4 желтоқсанға дейін облыс орталығының тұрғындарына апта сайын аудандардың ауыл шаруашылығы тауарөндірушілердің өнімдері жәрмеңкелері өткізіледі.

Еске салсақ, бұдан бұрын қызылордалық еңбеккерлер елордада жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынды



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT