Қызылорда облысында 90 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА, ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 90 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде қатерлі індетке қарсы екпе алу ақпан айының алғашқы күнінен басталды. Бүгінде тұрғындар «Спутник V», «Hayat Vaх» және «QazVac» вакциналарын салдырды.

Облыста КВИ-ға қарсы иммундау науқанына 19 екпе кабинеті, оның ішінде аудандарда 9 кабинет жасақталған. Бұдан басқа 10 жылжымалы және көшпелі пункт (бригаданың) жұмыс істеуде.

Барлығы қажетті мұздатқыш жабдықтарымен, мұздату элементтерімен қамтамасыз етілген. Иммундау науқанына 130-дан астам медицина қызметкері тартылған.

Екпе қабылдаған азаматтар қатарында мұғалімдер, медицина қызметкерлері, полицейлер, құқық қорғау қызметкерлері және басқа да тұрғындар бар.

«Айта кетерлігі, екпе қабылдаған азаматтар дәрігерлер бақылауында, денсаулық жағдайына шағымы жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан.

Ал вакцинаның екінші компонентін облыста 38 мыңнан астам алды.

Еске салсақ, Қызылорда облысында карантин талабын бұзғандарға 21 млн теңге айыппұл салынған.



Соңғы жаңалықтар