Қызылорда облысында 80 мың ауыл тұрғыны скринингтік тексеруден өтті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында тоғыз айда ауылда тұратын 80 мыңнан астам адам скринингтік тексеруден өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облысында биыл жылжымалы медициналық кешендер шалғайдағы елді мекендерді аралап, тұрғындар денсаулығын тексеруде. Нәтижесінде тоғыз айда ауылда тұратын 80 мыңнан астам адам скринингілік тексеруден өтті.

Білікті дәрігерлер бастаған көш бұл жолы Жалағаш ауданындағы Ақсу ауылына болды. Жылжымалы медициналық кешендер заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған. Онда толыққанды диагностикалық тексеруден өтуге мүмкіндік бар.

Ақсу ауылының тұрғындары дәрігерлерге тексерілуге көбірек жиналды. Елді мекенде түрлі созылмалы ауруға шалдыққан 328 адам диспансерлік есепте тұр.

Денсаулық сақшылары халыққа тиісті кеңес берді. Кейбіріне ем алу үшін медицина мекемелеріне жолдама ұсынылды. Бұл бастама міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорының есебінен жүргізілуде.

«Біраз жылдан бері қан қысымым жоғары, жүрек сырқатымен есепте тұрамыз. Ауырғаныма 25-30 жылдай болды. Біздің ауылға келіп жатқан мамандарға рақмет. Жақсы қарап, көңіл бөліп жатыр. Техникасы заманауи. Біз ауданға барғанша, бізді осылай тексеріп тұрса, жақсы еді», - дейді ауыл тұрғыны Досмұрат Қожағұлов.




Соңғы жаңалықтар