USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

Қызылорда облысында 8,2 мың адам Pfizer вакцинасын салдырды

2021 жылғы 8 желтоқсан 01:11
Бөлісіңіз:
Қызылорда облысында 8,2 мың адам Pfizer вакцинасын салдырды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы бойынша 8 210 адам «Pfizer» вакцинасын салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
БҚО-да коронавирус жұқтырған 224 науқас стационарда емделіп жатыр Алматыда коронавирус жұқтырған 71 науқас жансақтау бөлімінде жатыр Алматы облысында бір күнде 432 адамнан коронавирус табылды

Айта кетсек, өңірге аталған вакцинаның 11 700 дозасы жеткізілген.

Профилактикалық егу жұмыстарын жүргізу алдында медицина қызметкері екпе салдыратын адамды толық тексерістен өткізеді. Тұрғындардан вакцина алғаннан кейінгі жанама әсерлер туралы шағым түспеген.

«7 желтоқсандағы мәлімет бойынша өңірде 8 210 адам аталған вакцинаны алды. Оның ішінде 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер саны - 6672, жүкті әйелдер саны - 566, лактация кезеңіндегі әйелдер саны - 972 адам», - деді облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.

Жалпы, «Pfizer» вакцинасын 12 жастан асқан жасөспірімдер, жүктіліктің 16-37 аптасы аралығындағы әйелдер, лактация кезеңіндегі әйелдер, яғни босанғаннан кейін 42 күннен 2 жасқа дейінгі кезеңдегі әйелдер салдыра алады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT