+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Қызылорда облысында 74 мың адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

2021 жылғы 14 мамыр 22:18
Бөлісіңіз:
Қызылорда облысында 74 мың адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 74224 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Батыс Қазақстанда коронавируспен ауруханада жатқандар саны 450-ден асты Алматыда коронавирус жұқтырған 28 бала емделіп жатыр Ұлыбританияда барлық шектеулерді жеңілдету бір айға шегерілді

Өңірге 78600 доза вакцина жеткізілген болатын. Оның ішінде тұрғындар «Спутник V», «QazVac» және «Hayat-Vax» вакциналарын қабылдауға ниет білдірді.

Өткен тәулікте 1122 адам екпе қабылдаған азаматтар тізіміне енгізілді. Олардың қатарында мұғалімдер, медицина қызметкерлері, полицейлер, құқық қорғау қызметкерлері және басқа да тұрғындар бар. Жалпы алғанда, облыста 74224 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.

«Айта кетерлігі, екпе қабылдаған азаматтардың 32476-ы облыс орталығында тұрса, 41748-ы-і аудандардың үлесіне тиеді. Екпе алған тұрғындар дәрігерлер бақылауында, денсаулық жағдайына шағымы жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Қызылордада емдеу орындары коронавирусқа қарсы вакцинаны аптасына жеті күн бойы салады.

Бұл жұмыстар 29 сәуірден бастап жүргізілуде. Тұрғындар таңғы сағат 08.00-ден түнгі сағат 00.00-ге дейін вакцина салдыра алады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT