+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Қызылорда облысында 66 нысан «Ashyq» жүйесі бойынша жұмыс жасауға көшті

2021 жылғы 14 мамыр 13:45
Бөлісіңіз:
Қызылорда облысында 66 нысан «Ashyq» жүйесі бойынша жұмыс жасауға көшті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында «Ashyq» бағдарламасы өз нәтижесін бере бастады. Қазір өңірде 66 нысан «Ashyq» жүйесі бойынша жұмыс жасауға көшті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Карантин талабын бұзған қызылордалықтарға 23,6 млн теңге айыппұл салынды СҚО-да вакцина алғандарға балалар аттракционына тегін билеттер таратылуда Егу пунктінің дәрігері: Коронавирусқа қарсы заманауи вакциналар – қауіпсіз

Аталған бағдарлама негізінде аймақта 11 компьютерлік клуб, 2 бассейн, 2 спа-орталық, 1 сауна, 1 боулинг орталық, 2 кинотеатр, 2 бильярд орталығы, 2 фитнес залы және 43 қоғамдық тамақтану орны халыққа қызмет көрсетеді.

Аталған жүйе облыс орталығымен қатар аудандарда да кеңінен қолданыла бастады. Атап айтқанда, бұл бойынша Шиеліде - 3, Қазалы мен Арал аудандарында бір-бір нысаннан.

«Облыста 26 сәуірден бастап «Ashyq» бағдарламасы іске қосылды. Қызылорда қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына аталған бағдарлама бойынша кәсіпкерлік нысандар тарапынан 1 қызыл, 5 сары мәртебесіндегі адамдардың анықталғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Олар кинотеатр мен кафелерге кіргізу барысында анықталған», - деп мәлім етті ведомстводан.

Оларға қатысты қаланың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 14 күндік карантиндік оқшаулану тәртібін бұзбау туралы қаулысы шығарылды. Мұндай карантин талаптарын бұзушылық қайталанған жағдайда кінәлі тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қолданылады.

Еске салсақ, Қызылорда облысында коронавирусқа шалдығу көрсеткіші екі-үш есеге төмендеді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT