Қызылорда облысында 62 жастағы ер адам жоғалып кетті

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған 1961 жылғы ер азамат іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Жаңақорған ауданында болған. Ол үйінен таңғы сағат 5-тер кезінле шығып кеткен.

«Адам жоғалғаны туралы арызға байланысты аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары мен жедел уәкілдерінен топ құрылды. Жедел іздестіру амалдары жүргізілуде», - деді Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Аралға балық аулауға шығып жоғалып кеткен 2 адам табылды.


Соңғы жаңалықтар