Қызылорда облысында 60 мыңнан астам адам Pfizer вакцинасын салдырды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 60 мыңнан астам адам Pfizer вакцинасын салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазірге дейін өңірде барлығы 60 096 адам Pfizer вакцинасының бірінші компонентін салдырды. Оның ішінде 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер - 52746.

Ал жүкті әйелдер арасында 2369 адам бірінші компонентті салдырды. Ал лактация кезеңіндегі әйелдер арасында бірінші компонент алғандар - 4977.

«Қаулылардағы соңғы өзгерістерге сәйкес вакцина медицина қызметкерлері, мүгедек адамдар, 50 және одан жоғары жастағы егде адамдарға салынады», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

Еске салсақ, Қызылордада оқшаулану тәртібін бұзған «қызыл» мәртебедегі 162 тұрғын анықталды.


Соңғы жаңалықтар