Қызылорда облысында 6 су қоймасы салынады

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында алдағы уақытта 6 су қоймасы салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш су қоймалары агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қолға алынады. Онда 3 млрд текше метр тасқын су жиналады.

«Олардың ішінде ең ауқымдысы ретінде 1,5 млрд текше метр су жинайтын Қараөзек және 600 млн текше метр су жинайтын Күміскеткен су қоймаларын айтуға болады. Жыл сайын Үлкен Арал теңізіне қайтарымсыз кететін 3-4 млрд.текше метр суды Күміскеткен және Қараөзек су қоймаларына жинауға әбден болады. Сол арқылы егістікті сумен қамтамасыз етуге, мал және балық шаруашылығын дамытуға жағдай жасалады», - деді Қызылорда облыстық табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Шәменов.

Бұған дейін Қызылордада «Күміскеткен» су қоймасы салу жоспарланып отырғанын хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар