+7 (701) 759 90 19
USD 425.73 EUR 498.32
RUB 5.8 CNY 65.85
Jańalyqtar

Қызылорда облысында 57 жастағы ауыл тұрғыны із-түзсіз жоғалып кетті

2021 жылғы 26 шілде 03:15
Бөлісіңіз:
Қызылорда облысында 57 жастағы ауыл тұрғыны із-түзсіз жоғалып кетті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының полиция департаменті із-түзсіз кеткен тұрғынға іздеу салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да 35 жастағы ер адам екі айдан бері табылмай жатыр Қарағанды полицейлері 10 күн бұрын жоғалып кеткен кәсіпкердің көлігін ғана тапты

Жоғалған адам жайлы ақпарат полиция департаментінің Instagram парақшасында жарияланды.

23 шілде күні сағат 06:00 шамасында Қызылорда облысы Сырдария ауданы Амангелді ауылының 57 жастағы тұрғыны үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, хабар-ошарсыз жоғалған.

1964 жылы туған Нұркамал Әбдікәрімұлы Ибадуллаев - Қызылорда облысы Сырдария ауданының тумасы.

Ерекше белгілері: шашы сарғыш, бойы - 170-175 см, арық денелі, астыңғы және төменгі екі тісі жартылай сынған.

«Жоғалған азамат жөнінде қандай да бір ақпарат анықталған жағдайда Қызылорда облысы полиция департаментінің кезекші бөлімі 29-70-10 телефонына немесе 102 арнасына шұғыл түрде хабарласуды сұраймыз» деп ескертеді полициядан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT