Қызылорда облысында 50534 адам ревакциналаудан өтті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 50534 адам ревакциналаудан өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ревакцинация үшін облыста екпе қоры жеткілікті. Бүгінгі күні «QazVac», «SinoVac», «Pfizer» препараттары қолданылуда. Қызылорда облысында ревакцинация 106 екпе кабинетінде жүргізіледі.

«Енді қызылордалықтар «Спутник Лайт» прператымен ревакцинация жасата алады. Ағымдағы жылдың 23 қаңтарында облысқа ресейлік бір компонентті препараттың 8 мың дозасы жеткізілді. Ревакцинация барлық тұрғынға қолжетімді», - деп мәлім етті облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінен.

Ведомство мәліметінше, бустерлік доза жөнінен медицина қызметкерлері, мұғалімдер мен күштік құрылымдар қызметкерлері көш бастап тұр. Облыс көлемінде иммундаудан кейін асқыну жағдайлары тіркелген жоқ.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада коронавирус жұқтырғандар арасында бір жасқа дейінгі нәрестелер саны басым екенін хабарлаған едік.



Соңғы жаңалықтар