+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Қызылорда облысында 5 жедел жәрдем тобы ашылады

2019 жылғы 3 желтоқсан 07:32
Бөлісіңіз:
Қызылорда облысында 5 жедел жәрдем тобы ашылады

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 2020 жылы 5 жедел жәрдем тобын ашу жоспарланып отыр. Оның екеуі қалада, үшеуі аудандарда орналасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қытайда пневмонияның жаңа түрі өршіп барады Қыс мезгілінде жүрекке ерекше күтім қажет – кардиолог Михаил Телюк Ақмола облысында 4908 адам тұмау жұқтырған

Биыл шақыруларды дер кезінде орындау мақсатында Қызылорда қаласы бойынша қосымша 2 топ ашылды. Ал 2020 жылы қосымша 5 жедел жәрдем тобын ашу жоспарланған.

«Облыс бойынша барлығы 77 жедел жәрдем тобы жұмыс атқаруда. Қазіргі таңда жедел жәрдем қызметіне түскен арыз-шағымдардың саны өткен жылмен салыстырғанда 30,8 пайызға төмендеген. Биыл103 желісіне 43 мыңнан астам қоңырау түскен. Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде шақыртуларға кешігіп шығу көрсеткіші мерзімді уақытта 5,3 пайызға азайған», - деді облыстық медициналық жедел жәрдем стансасының бас дәрігері Алмат Құрманғали.

Жедел жәрдем стансасы материалдық-техникалық жағдайын жақсарту үшін биылғы жылдың қазан айында 7 реанимобильге ие болды. Жылдың аяғына дейін республикалық бюджеттен 19 жабдықталған санитарлы автокөліктің келуі жоспарланған.

Бас дәрігердің айтуынша, енді аймақтың кез келген жерінде тұрып, 103 нөміріне телефон соққан жағдайда, қоңырау бірден орталыққа түседі. Елді мекендерден түскен 1-3 санаттағы шақыру сол аумаққа жақын орналасқан бригадаларға жүктеліп, жылдам жөнелтіледі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT