+7 (701) 759 90 19
USD 419.66 EUR 500.44
RUB 5.62 CNY 64.73
Jańalyqtar

Қызылорда облысында 4-сынып оқушысы көз жұмды

2021 жылғы 25 қаңтар 20:43
Бөлісіңіз:
Қызылорда облысында 4-сынып оқушысы көз жұмды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада балалар ауруханасында жүрек және өкпе жұмысының жеткіліксіздігі салдарынан 11 жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 24 қаңтар күні болды.

«Қайтыс болған оқушы 2010 жылы дүниеге келген. Алғашқыда денесінде бөртпе пайда болып, соның салдарынан ауырған. Бастапқыда үй жағдайында ем алған, дәрігерге көрінгеннен кейін инфекциялық ауруханаға жатқызылды. Коронавирусқа қатысты сынама алынды. Нәтижесі теріс болды. Сондықтан 19 қаңтарда көпбейінді балалар ауруханасына ауыстырылды. Республиканың білікті мамандарынан кеңес алынды. Өкінішке қарай, бала 24 қаңтар күні қайтыс болды. Оған жүрек, өкпе жұмысының жеткіліксіздігі негізгі себеп болып отыр. Қосымша комиссия құрылды. Бұл бағытта тиісті жұмыстар атқарылатын болады», - деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов.

Бала Қызылорда қаласындағы П.Осипенко атындағы №8 мектептің 4-сыныбында оқыған. Ол биылғы оқу жылының алғашқы тоқсанынан бастап онлайн форматта қашықтан білім алған.

«Оқушының оқу үлгеріміне қатысты ешқандай проблема болған емес. Қашықтан оқытуға байланысты бала электронды жабдықтармен қамтылған. Ұстаздары тарапынан баламен кері байланыс жұмысы жүргізілген», - деді облыстық Білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова.

Айта кетейік, қазіргі таңда облыс бойынша 89 258 оқушы (53%) қашықтан, 80 636 оқушы (47%) дәстүрлі білім алуда.

Сондай-ақ, Қызылорда облысының емдеу орындарында коронавируспен күресте нәтижелі жұмыстар атқарылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT