Қызылорда облысында 3 мың рулон шөп өртеніп кетті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 3000 рулон шөп өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Жаңақорған ауданына қарасты М.Нәлібаев ауылдық округінде 21 шілдеде сағат 20.20-да болған. Жергілікті шаруа қожалығының аумағындағы ашық алаңда жиналған шөп өртенген.


«Шөптің жалпы саны 3000 рулонды құрайды. Ол шамамен 1200 тоннаға жуық. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінен 13 қызметкер 3 автокөлікпен барды. Олардың күшімен сағат 23.30-те оқшауланып, 00.30-те толығымен сөндірілді», - деді департаменттен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада балалар ойын-сауық орталығы өртенді.

Оқыс оқиға 19 шілдеде сағат 07.20-да Қызылорда қаласы Ы.Алтынсарин көшесі бойында орналасқан балалар ойын-сауық орталығында болды. Ғимараттың бірінші қабатының 200 шаршы метрге жуық аумағы толықтай жанып кетті.


Соңғы жаңалықтар