Қызылорда облысында 3 607 нысан «Ashyq» жүйесіне қосылған

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 3 607 нысан «Ashyq» жүйесіне қосылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олардың басым көпшілігі Қызылорда қаласында тіркелген. Облыс орталығында 1779 нысан аталған жүйе бойынша жұмыс істейді. Аудандар арасында Жаңақорғанда - 359, Қазалыда - 353, Аралда - 331, Шиеліде - 284 нысан тіркелген. Ал Қармақшыда - 284, Сырдарияда - 155, Жалағашта - 118 нысан аталған жүйеге қосылған.

Қызылорда облысында Ashyq жүйесі арқылы 1000-нан астам адамның өзін-өзі оқшаулау режимін бұзғаны анықталды,

Қызылорда облысында бүгінде 3444 кәсіпкерлік нысан «Ashyq» жүйесіне қосылып, жұмысын жалғастырып жатыр.

Аталған жүйемен жұмыс істейтін нысандардан «қызыл» және «сары» мәртебесіне қарамастан карантин талабын бұзды деген 1054 хабарлама келіп түсті. Осы орайда 108 жеке тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылған. Оларға 4 725 540 теңге көлемінде айыппұл салынды

Еске салсақ, Қызылордада коронавирус жұқтырғандардың 95 пайызы - вакцина алмағандар.


Соңғы жаңалықтар